Жаңалықтар - "МуСЫЛМАН"

Дүйсенбі, 21.05.2012, 13:50

Приветствую Вас Қонақ | RSS

Главная » Доска объявлений (27)

Жаңалықтар [27]

Оның ішінде ерлер – 62 пайыз, әйелдер 28 пайызды құрайды. «Жастар» кең ауқымды зерттеу орталығының деректеріне сүйенсек, 13-15 жастағы оқушылардың 12,7 пайызы күнделікті темекі шегеді. Олардың арасында әрбір бесінші бала темекіге тәуелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, әлемде күніне темекі тұтынудан ауруға шалдыққан 5000-нан астам адам қайтыс болады екен. Ал елімізде бұл мәселе тіпті сұмдық.  Республика бойынша темекінің кесірінен  бір күнде 70-ке жуық азаматынан айырылады екен.

Қазақстан жаңалықтары | Қаралды: 22 | Уақыты: 04.03.2012 | Пікір айту (пікірлер:0)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәліні қабылдады.

 Бас мүфти Президентті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында елдегі жалпы діни жағдай және конфессияаралық және этникааралық келісімді одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды.

 Ә. Дербісәлі 11 жыл ішінде Қазақстанда өз мамандарымызды даярлау қолға алынғанан атап өтті. Осы уақыт аралығында 960 имам дайындалды, 9 медресе ашылды, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, кітаптар шығарылды.



Өзбекстан билiгi "Әулие Валентиннiң күнiн” ("Ғашықтар күнiн”) атап өтуге ресми түрде қатаң тыйым салды. Бұл күндi бұдан былай өзбектер "Бабырдың күнi” деп атайтын болды.

"Осы күнi өзбек жастары Бабырдың поэзиясына, әсiресе, Шығыс ақындарының ғашықтық жырларына үңiлiп, өздерiнiң сүйiспеншiлiк туралы ой-пiкiрлерiн тереңдете түспек. Жалпы, өзбектер христиан әлемiне, христиан дүниесiне өте салқын қарайды” деп жазады бұл жөнiнде американдық "Вашингтон пост”.

Әлем жаңалықтары | Қаралды: 38 | Уақыты: 12.02.2012 | Пікір айту (пікірлер:0)

 Нұр-Мүбәрәк университетінің жұмысын жолға қойып, онда діни білім алғысы келетін жастарды тәрбиелеуіміз керек.
 Бүгін Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.


Мемлекеттік хатшы жастарға сапалы діни білім беру жайын айта келе, осы бағытта бірқатар қордаланған мәселе бар екендігін тілге тиек етті. «Тәуелсіздік жылдарында елімізде бірқатар медреселер, діни оқу орындары ашылғандығын жақсы білеміз. Тіпті кейбір шет елдердегі ұйымдардың белсенді «іскерлігінің» арқасында жоғары діни оқу орындары да ашылды. Бірақ, олардың қайсысы қандай тәжірибе жинақтап, халыққа қандай насихат жүргізіп отырғанына белгілі бір кезең аралығында бақылау жасай алмай қалдық. Соның салдарынан бүгін қандай да бір проблемалармен бетпе-бет келіп отырмыз», - деді М. Құл-Мұхаммед.


Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы бұл тұрғыда Қазақстандағы бірден бір жетекші, ғылыми жоғары оқу орны болып саналатын Нұр-Мүбәрәк университетінің жұмысын жолға қою мәселесін де көтерді.

«Бұл оқу нысаны - мемлекетаралық келісім бойынша, ел Парламенті ратификациядан өткізген заң аясында халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын үлкен білім ордасы. Ендеше біз алдағы уақытта діни білім алуға құштар азаматтарымызды, әсіресе араб тілі мен мәдениеті, шығыс философиясы, ислам өркениеті төңірегінде білім алғысы келетін жастарды осы университет арқылы жетілдіруіміз керек. Онда да оқуды дәстүрлі діни біліммен ұштастыруымыз, ислам мекемелерінде қызмет ететін білімді жастарды дәл осы орталықта тәрбиелеуге күш салуымыз керек», - деген Мемлекеттік хатшы, агенттіктің алдына осы бағытта нақты тапсырмалар жүктелетінін мәлімдеді.

«Бұл жұмыстарды рет-ретімен біздің египеттік әріптестерімізбен бірігіп жүзеге асыруға тура келеді», - деді ол.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына бүгін дәстүрлі жолдауын арнады. Келер 5 жылда Қазақстандықтар жүзеге асыратын ірі жобаларды жариялады. «Әлем экономикасын қазірде қаржылық дағдарыстың екінші толқыны шарпи бастады»,– деді Президент. «Бұл біздің елді де айналып өтпесі анық. Сондықтан, үкімет экономиканы тұрақтандыру жолында қажырлы қайрат қылуы тиіс. Жоспарлы бағдарламаларды сәтті жүзеге асырсақ, біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елге айналамыз»,– деді Елбасы. Бүгінде ішкі жалпы өнім 11 мың доллардан асты. Кезінде жекеменшікке сатылып кеткен активтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Президент қазақстан халқы атқаратын 10 бағыттан тұратын даму жоспарын белгіледі. Оның біріншісі – жұмыспен қамту. Жұмыс орындарын ашып, халықты лайықты қызметпен қамтамасыз ету үкімет пен әкімдерге жүктелді. Ал екінші бағыт – қолжетімді баспаналар салу. Қазірге дейін елімізде 6 млн. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілсе, алдағы 5 жылдықта бұл жұмыс жалғасын табады.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
Біз жарты миллионнан астам жас отбасын баспанамен қамтамыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 млн. шаршы метрге жеткізу қажет. Оның ішінде, ұзақ мерзімге жалға беру, содан кейін, жал арқылы сатып алу дейтін екі түрлі жолын қарастыру қажет. Қаражаты барлар, мүмкіншілігі барлар, аренданы төлеп отырып, үйді өзіне сатып алатын болады. Ондай жағдайы жоқтар жағдайлары жеткенше ұзақ мерзімді ұстап отырады. Осы екі түрді қарастыруымыз керек. Оған қоса, жалға берілетін үйлер орташа отбасының төлем әл-ауқаты мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Бұнымен бірге, отандық құрылыс үшін жаңа мүмкіндіктер туады.  Естеріңізде болса, анадағы дағдарыс жылдарында үй салуды жалпы қазақстанда көбейтіп, сонымен қаншама жұртты жұмыспен қамтып, қаншама бизнеске мүмкіндік бердік. «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасын мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді. Үкімет құжатты бірінші шілдесінен кешіктірмей тапсыру керек.
 
Президент осы жолдауында Жаңаөзеннің ахуалына айрықша тоқталып кетті. Ондағы қазіргі тіршіліктің тыныштығын ескере келе, Елбасы төтенше жағдай мерзімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар, Президент өңірлерді дамытуға баса мән берді. Әкімдер мен үкіметке өңірлерде жаңа зауыттар салынып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту міндеті жүктерлді.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама қабылдауды тапсырамын. Онда жергілікті экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі тиіс. Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешу аса маңызды болып табылады. Биылғы 1 шілдеге дейін үкімет жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жасап бітіруі тиіс!

 


http://kaztrk.kz